Ресей СІМ-нің мәліметіне қарағанда, Мәскеу тарабы Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларын нығайтуда. Оның себебін Ауғанстандағы террорлық топтардың күшеюіне байланысты деп түсіндірген. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.

Хабарға қарағанда бұл туралы мәлімдемені Ресей СІМ-нің ТМД елдері жөніндегі кеңестің төрағасы Александр Стерник мәлімдеген. Ол сөзінде: «Қазір Ресей жақ ТМД елдерінің шекаралық қауіпсіздігін нығайтуды қолға алды. Әсіресе Ресей мен Орта Азия елдерінің оңтүстігіндегі Ауғанстан жағдайына баса назар аударып отыр. Сүрия мен Ирактан жеңіліс тапқан ДАИШ күштері қазір Ауғанстан жеріне топтасуда. Десе де, олар Ресей күштерінің назарында», – деді. Ол және Ресей өзіне серіктес елдердің қауіпсіздік күштерін жаттығудан өткізіп, маңызды шекараларын қорғауға көмектесіп отырғанын айтады.

Александр Стерниктің айтуынша аталған мақсаттарға жету үшін Ресейдің Тәжікстандағы №201 әскери базасының жаңартылып жатыр. Оған қоса Қырғызстандағы әуе базасын да нығайтып, қауіпсіздік талаптарына сай етілмек екен.

“The Qazaq Times”