Қиыр Шығыста мекендейтін байырғы халықтың бірі Нанайлар. Бағзыда Гольдтер атанса, кейін нанай, нани деп аталған. Нани, Нанай атаулары өз тілдерінде жергілікті, осы жердің адамы деген мағынаны білдіреді.

Негізінен Амур өзенінің төменгі ағары мен Уссури өзенінің оң жақ жағалауын мекендейтін Нанайлар 19 ғасырдың соңында православ дініне күшпен енгізілгенімен салт-дәстүрінде, діни нанымдарында әліде рухқа табыну, бақсылық сияқты тәңірлік діннің сарқыны жақсы сақталған.

“The Qazaq Times”