Түркияның мемлекеттік басылымы күрдтерге қарсы басталған әскери операцияға наразылық білдірген 24 адамның "терроризмді насихаттады" деген айыппен ұсталғанын жазды. Осыдан алдын мемлекет басшысы Реджеп Тайып Ердоған Сүриядағы күрдтердің Демократиялық Одағы партиясының қарулы әскері YPG тобына қолдау білдірген кез келген адам Үкіметтің қырына ілігетінін ескерткен еді. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды. 

Түркиядағы Доған ақпараттық агенттігі жалпы саны 57 адамға қарсы тергеу жұмыстары басталғанын жариялады. Олар Түркия террористік ұйымдар тізіміне енгізген YPG әскери тобының әрекетін қолдап, ол туралы ақпарат таратқаны үшін айыпталып отыр.  Сондай-ақ, Түрік полициясы Стамбул мен Диярбақырда ұйымдастырылған Анкараның әскери операциясына қарсы наразылық шерулерін болдырмай тастады.

“The Qazaq Times”