Енді жоғары оқу орындарындағы жатақханалар, асханалар және кітапханалар құрылысы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылмайтын болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сілтеме жасап  Tumba.kz сайты хабарлады.

Министрдің сөзінше, өткен жылы министрлік қаржыны осылай үнемдеу арқылы бакалавриат бойынша грант саның 10 мыңға, магистратуранікін 1000-ға арттырған. Жалпы грант саны 25-30 пайызға көбейген.

"Барлық қаражат жоғары оқу орындарына жіберіледі. Қаржы еркіндігі қарастырылып жатыр. Мұғалімдердің қанша алатынын біз есептен шығарып тастауға тырысып жатырмыз. Мұны біз инвестициялық бағдарламалармен бірге өзін ақтау мақсатында ЖОО-ға береміз. Бірақ жоғары оқу орындарын қадағалау кеңесі күшейтіледі. Оның өкілеттігі артады, ішкі аудит қызметі құрылып, ол тек қадағалау кеңесіне төрағалық етеді", - деді министр.

Оның сөзінше, барлық мемлекеттік ЖОО-лар коммерциялық емес акционерлік университеттер ретінде танылу арқылы жаңа мәртебеге ие болаады. Қадағалау кеңесі автоматты түрде директорлар кеңесіне айналып, оның өкілеттіктері одан да арта түспек.  Кадрлар, тағайындаулар, жалақы, инвестициялық бағдарламалар, стратегиялар қадағалау кеңесіне, кейін директорлар кеңесіне беріледі.

Ал академиялық еркіндік заңы шетелдік студенттер арқылы табыс табуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, қаржыны бөлу ережелерінен босату да жүзеге асады. Министрдің пікірінше, бұл ЖОО-ға өз ресурстарын үнемдеуге және жинауға мүмкіндік бермек.

Осылай деген министр биыл жатақханалар құрылысына бір тиын да бөлінбейтінін, оның бәрі грантқа жұмсалатынын атап өтті.

“The Qazaq Times”