АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің аға кеңесшілерін тыңдағаннан кейін, Иранға қаратылған санкцияның қуатын кеңейте түсуге шешім шығарған. Оған Иранның ядролық жағдайы бірнеше айдан бері әлі де жақсара қоймағаны себеп болған. Бұл туралы «WSJ»-дың ресми сайтында хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Иранға қарсы санкция тебінін күшейтетін кезде Трамп Иранның ядролық келісіміне салмақ салмай, ел үкіметінің адам құқықтарын бұзуына қарсы санкция салуы мүмкін екен. АҚШ үкіметінің жоғары лауазымдыларының бірі: «Бейсенбі күні түстен кейін, президент Трамп кеңсесінде аға кеңесшілерімен өткен мәжілістен кейін осы шешімін жасады. Егер ядролық келісімнен өзгеріс болмай жатса, онда жұма күні бұл шешімін жариялайтын болады», – деген мәлімет берді.

Ақ үйдің өзге де бір лауазымдысының айтуынша, Трамп Иран ядролық келісімдеріне наразылығын танытқан күнде де, уақытша болса да келісім шартты сақтап тұруы керек екенін айтады. Әрі президент Трампты шешімінен бас тартуға шақырған. Алайда, Трампиың ойынша, Иран ядролық келісімінде Иранның санкцияға қарсы иммунитеті тым күшті етіп берілген, сондықтан бұл Иран ядролық жағдайын жақсартуға қауқарсыз келісім.

АҚШ жергілікті уақытымен қазір жұманың түні кіруде. Бұл туралы шешімдердің жария болғаны туралы мәліметтер жоқ.

“The Qazaq Times”