Қазақстанда 2017 жылдың желтоқсанында жұмыссыздар саны 441,8 мың адам болды. Осылайша жұмыссыздар деңгейі 5%-ды құрады, деп хабарлады LS.

Жұмыспен қамту орындарында жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар саны желтоқсан айының соңында 70,3 мың адам болған немесе жұмыс күшіндегі адамдардың 0,8%-ын құрайды.

Бұдан бөлек, мемлекетте жан басына шаққанда атаулы ақшалай кіріс қараша айында 81 мың теңгені құраған және бұл бір жыл бұрынғы қараша айының көрсеткішімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ал нақты ақшалай кіріс дәл сол кезеңде 8,2%-ға азайған.

Ал орташа атаулы айлық жалақыға келер болсақ, бір жұмысшының еңбекақысы 2017 жылдың желтоқсанында 168,2 мың теңгені құраған.

Айта кетейік, 10 қаңтар күні жарияланған президент жолдауында "кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді" деп көрсетілген.

“The Qazaq Times”