2018 жылдың 15 қаңтарында " Қазақстан " қонақүйінің "Алтын Емел" залында, емделушідер таңдауы бойынша "Үздік жыл дәрігері" байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Байқау келесі үш номинация бойынша өткізілген болатын: " Үздік жыл дәрігері", "Үздік балалар дәрігері " және "Үздік медициналық орталығы". Салтанатты кеште жеңімпаздар аталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Үздік жыл дәрігері" - TopDoc.me сервисімен 2017 жылдан бастап Қазақстанда өткізілетін бірінші байқау. Байқаудың артықшылығы - медициналық қызметкерлердің үздігі жыл бойы қабылдауға қатысқан нақты пациенттерінің онлайн дауыс беруі арқылы таңдалады. Бұл жолы финалда үш номинация бойынша 9 қатысушы ең көп дауыс алды.

Байқаудың басты мақсаты - дәрігер мамандығының қоғамдағы маңызын қалпына келтіру, медициналық қызмет пен пациенттер арасындағы сенімді байланысты орнату, жоғары кәсіби деңгейде өз міндеттерін орындайтын және тұтастай медицина беделін арттыратын мамандарды ынталандыру.

Салтанатты кеш 15 қаңтар күні  "Қазақстан" қонақ үйінің "Алтын Емел" залынад сағат 15:00-де басталады.

“The Qazaq Times”