Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Оңтүстік Кореяны бірігуге шақырды – деп хабарлайды КСNA ақпарат агенттігі.

Агенттік таратқан ақпарат бойынша, Ким Жоң Ун өзінің кезекті мәлімдемесінде ел халқын Оңтүстік Кореямен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға шақырған. Оның сөзінше, бұл Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны біріктіруге үлкен мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек ол екі ел халқына тарихқа жалтақтай бермей Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы дағдарысты үшінші бір елдердің қатысуынсыз шешу керектігін айтқан.

“The Qazaq Times”