Жалпы әлемде күніне бірнеше миллиард сурет түсіріледі. Бірақ оның ішінде еңбекпен, кәсіби деңгейде түсірілетіні ілуде біреу ғана болуы мүмкін. Ендеше  2017 жылдың ең үздік фотосы ретінде танылған бірнеше суретті назарларыңызға ұсынамыз. Бұлардың барлығын "саяси фотолар" деуге болады.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың инаугурациясы. 20 қаңтар. Фото: Patrick Semansky / AP

Италияның Сицилия қаласындағы Этна жанартауының атқылауы. Ақпан. Фото: Antonio Parrinello / Reuters

Солтүстік Кореялық азамат әріптесімен балмұздақты бөлісіп тұр. Пиоңяң, сәуір. Фото: Damir Sagolj / Reuters

Венесуэла Президенті Николас Мадуроға қарсы демонстрация. Каракас қаласы, сәуір. Фото: Marco Bello / Reuters

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-04» ғарыш кемесі ұшырылған сәт. Сәуір. Фото: Шамиль Жуматов / Reuters

Дональд Трамптың Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы шешіміне қарсы шыққан мұсылман азаматтардың құлшылық етуі. 2 ақпан. Фото: Lucas Jackson / Reuters

Ауғанстанның Кабул қаласы, дала кезген әйел. 7 ақпан. Фото: Omar Sobhani / Reuters

Бикон Рок саябағы маңында болған өрт. Уашингтон, қыркүйек. Фото: Kristi McCluer / Reuters

Францияның Мон-де-Марсан қаласының әскери базасында өткен оқу-жаттығу кезінде дронды іліп алған бүркіт. Ақпан. Фото: Regis Duvignau / Reuters

Ресейдің Мәскеу қаласында жемқорлыққа қарсы митингте ұсталған азамат. Наурыз. Фото: Максим Шеметов / Reuters

Франция Президенті Эмануэль Макрон сайлауға байланысты болған салтанатты кеште. Мамыр. Фото: Charles Platiau / Reuters

Бангладештегі босқындар лагеріне барар жолдағы рохинджа қызы. Қазан. Фото: Paula Bronstein / Getty Images

ҚХР төрағасы Ши Жинпиң Бейжіңде өткен Коммунистік партияның ХІХ сьезінде сөз сөйлеп тұр. Қазан. Фото: Kevin Frayer / Getty Images

Каталонияның тәуелсіздігін қолдап шыққан ереуілшілер. Барселона, қараша. Фото: David Ramos / Getty Images

ТМД елдері басшыларының кездесуіне барған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, қазан. Фото: Давид Акопян / facebook.com/davit.hakobyan.52

“The Qazaq Times”