Қазақстанның жұмыспен қамту орындарында тіркелген жұмыссыздардың саны екі есе өскен.

Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған статистикаға сенсек, 2017 жылдың қараша айында ресми жұмыссыздар саны 125,9 мың адамды құраған және бұл экономикалық белсенді халықтың 1,4%-ын құрайды. Ал бұдан бұрын бұл көрсеткіш 64,6 мың адам болған (0,7%).

Еуразиялық экономикалық одақтағы жалпы жұмыссыздар саны  6,5%-ға азайып, 1 млн адам болған немесе экономикалық белсенді халықтың 1,1%-ын құрайды.

Алайда Халықаралық еңбек ұйымының ақпаратына қарағанда жұмыссыздар саны 2017 жылдың 2 тоқсанында экономикалық белсенді халықтың 5,4%-ын құраған. Оның ішінде Арменияда жұмыссыздық деңгейі  17,8% (2017 жылдың 2 тоқсаны), Беларусьта – 5,8% (2016 жыл), Қазақстанда – 4,9% (2017 жылдың тоқсаны), Қырғызстанда – 7,2% (2016 жыл), Ресейде – 5,0% (2017 жылдың 3 тоқсаны).

Жалпы Қазақстанда арзанқол жұмысшылардың келуі қазақстандық жұмыссыздардың санын көбейтпесе азайтып отырған жоқ. Бұдан бөлек дағдарыс салдарынан компания немесе кәсіпорындар штаттарын қысқартуға мәжбүр.

“The Qazaq Times”