Brent маркалы мұнайдың бағасы 2015 жылдан бері алғаш рет 67 доллардан асты. Соңғы рет мұндай баға 2015 жылдың мамыр айында тіркелген. Бағаның бұлай жылдам көтерілуіне Ливиядағы мұнай құбырының жарылуы себеп. 

Астана уақытымен 7:40-та Brent маркасының ақпан айына арналған фьючерсінің бағасы барреліне 66,69 долларға дейін көтерілген.

Ал егер осы аптада АҚШ-тағы шикізат қоры да болжаған көлемге қарағанда тағы азаятын болса, онда қара алтынның құны 70 долларға дейін көтерілуі мүмкін екен.

Бұдан бөлек халықаралық БАҚ таратқан хабарламаға қарағанда Ливияның Эс-Сидр порты маңында мұнай құбыры жарылған. Мұнай құбырының басты операторы  Waha Oil Co., ливиялық National Oil Corp америкалық Hess Corp. компаниясының біріккен кәсіпорны, Marathon Oil Corp.  және ConocoPhillips компаниялары.

Осылайша құбыр жарылған соң Эс-Сидр арқылы өтетін экспорт көлемі 20 пайызға немесе тәулігіне 90 мың баррельге төмендеген.

“The Qazaq Times”