Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Мьянмаға байланысты қарар қабылдады.

Қарар бойынша, Мьянма билігі рохинджа мұсылмандарын елге қайтарып, болған жағдайға байланысты жүргізілетін тексеру жұмыстарына кедергі жасамауы тиіс. Аталмыш қарарды 33 мемлекет қолдаған. Қалған 9 мемлекет қалыс қалып, 3 ел қарсы шыққан.

Естеріңізге салайық, Мьянма билігі тамыз айында елдегі рохинджа мұсылмандарына қысым көрсеткен. Кейіннен Мьянма билігінің бұл әрекетін мұсылман әлемі қатаң сынға алып, «рохинджа халқына жасалған геноцид» деген баға берген болатын.

“The Qazaq Times”