Тәжікстан эстрада жұлдыздары ел президенті Эмомали Рахмон жайында ән шырқады.

Қараша айының 20-сы күні өткен Жоғары кеңестің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада Тәжікстан эстрада жұлдыздары Сурайе Косимова, Шабнам Сурайе Фарзона Хуршед және Фаридун Хуршед Эмомали Рахмонға арнап ән шырқаған. Әнде: «Сіздің билік басына келуіңізбен барлығы нұрланды. Сіз күн нұры сияқтысыз. Сіз біздің ұстазымызсыз. Сіздің нұрыңыз әр адамда бар» - делінген.  Әннің сөзін Тәжікстан Ішкі Істер министрі Рамазон Рахимзода Хамро жазған.

Ел басшысына ән арнау біздің елімізге де таңсық емес. Осыған дейін біздің еліміздің эстрада жұлдыздары бірнеше рет Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ән арнаған. Тәуелсіздік алған 26 жылда қазақ композиторлары Моцарт, Шуберт, Бах сияқты классикалық туындыларды дүниеге әкелмесе де, «Елбасы - Елдің тұтқасы», «Менің Елбасым», «Нұр аға» сияқты әндерді шығарған.

“The Qazaq Times”