Жапонияның танымал автокөлік өндіруші «Ниссан» (Nissan Motor Co., 7201.TO, NSANY) компаниясы ішкі есептерін жариялап, өндірістің тоқтауына және ел іші сатылымының бұзылуына әкеліп соққан даулы жағдай сапалы инспекторлардың жетіспеуінен келіп шыққанын, бұндай мәселенің басшылық сапында бұдан бұрын болмағанын жеткізді. Бұл туралы “WSJ” басылымы хабарлады.

«Ниссан» таратқан мәліметке қарағанда, көлік сапасын тексеру компьютерлік жүйе арқылы жүргізіліп келе жатқанын, шын мәнісінде бұл сол елдің көлік сапасын тексеру туралы заңға қайшы екенін ашып айтылған. Дегенмен, компания бұған сапа тексеруші білікті мамандардың жетіспеушілігінен барғанын жеткізді.

Қыркүйек айындағы «Ниссан» көліктерінің сапасын тексеруші инспектор, көлік сапасын тексеру жоғары деңгейде болмағанын айтуда. Сондықтан, компания қыркүйек айында 1 млн 200 мың көлікті қайтарып алған. Кейін «Ниссан» компаниясы жапон нарығындағы көлік өндірісін және сатуды тоқтатты. Аталған кәсіпорынның бұл ауқымды проблемасы 90-шы жылдардан бастап белең алған.

Дегенмен, сапа инспекторларының жетіспеуі, жұмыскерлерді қысқарту, қаржы жетіспеушілігі туралы нақты мәліметтерді ашып таратпады. Мәлімдемеде, сапа инспекторларын дайындауда да қиындықтардың болып отырғаны айтылған.

“The Qazaq Times”