Алмазбек Атамбаев бір аптада Қазақстанмен арадағы алты келісімнің күшін жойды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сооронбай Жээнбековтың инаугурациясына бір апта қалғанда Қазақстанмен арадағы алты келісімнің күшін жойды. Атамбаев әкімшілігі баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, ел президенті соңғы бір аптада Қазақстанмен ЕАЭО аясындағы әріптестік, техникалық көмек көрсету, Қазақстан тарапының қаржылай көмегі сынды алты келісімнің күшін жойып, осыған байланысты СІМ ресми Астанаға тиісті құжаттар жіберуді тапсырған.

Естеріңізге салайық, Астана мен Бішкек текетіресі Нұрсұлтан Назарбаев қырғызстандық оппозициялық саясаткер Өмірбек Бабановпен кездескеннен кейін басталған болатын. Алмазбек Атамбаев Қазақстан басшысының бұл ісін елдің ішкі саясатына араласу деп бағалап, ресми Астанаға қарсылық нотасын жіберген. Осыдан кейін Қырғызстан президенті апта сайын Қазақ билігін сынауды әдетке айналдырған.

“The Qazaq Times”