G7 мемлекеттері Facebook, Google, Twitter сияқты техника алпауыттарымен ғаламтордағы экстремизмнің таралуына қарсы күш біріктіреді. Бұл туралы G7 мемлекеттері өкілдерінің басқосуында талқыланды. 

Италияның Ішкі Істер министрі Марко Миннити кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында жаңа әріптестік шарасын "бостандыққа жету жолындағы маңызды қадам" деп бағалады. G7 мемлекеттері әлемдік трансұлттық компаниялармен бірігіп, террористердің ғаламтор арқылы халықты экстремизмге тарту, үйрету және радикализацияға ұшырату процесіне қарсы тұруды көздеп отыр.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрі Элейн Дюк: "Біздің жауларымыз твиттерде жарияланған жазбалардың жылдамдығымен бірдей қарқын алып келе жатыр. Оларға тосқауыл болу үшін бізге де тезірек қимыл-әрекетке көшу керек" десе, Францияның  Ішкі Істер министрі: "Біз эстремистік сипаттаға жазба жарияланған 2 сағат ішінде оны өшіріп тастауға қол жеткізуді мақсат тұтып отырмыз" деп хабарлады.

Италияда өткен жиында сөз болған тағы бір мәселе  2014-2016 жылдар аралығында  Еуропадан Сүрияға "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының қатарында соғысуға аттанып, қазір елге қайта оралған азаматтардың жайы болды. Осыған дейін Еуропаға қайтқан потенциалды террористер бірнеше террактілердің себепкері болған. Мұндай қауіп-қатердің алдын алу үшін Италия мен АҚШ арасында азаматтардың саусақ таңбалары туралы ақпаратпен бөлісу туралы келісім жасалып, Интерполдың деректор қорындағы 40 мың шетелдік эстремист туралы мәліметтермен алмасу мәселесі сөз болды.

“The Qazaq Times”