Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз делегациясымен өткен кездесуден кейін ресми мәлімдеме жасады.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, Қазақстанға қырғыз премьер-министрі Сапар Исаков бастаған 30 адамнан құралған ресми делегация келген. Бұл кездесу қырғыз тарапының өтініші бойынша алдын ала телефон арқылы келісуден кейін өткізілген. Кездесу барысында қос тарап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық, шекаралық, транспорттық, қаржы және ветеринарлық бақылау салалары бойынша келіссөздер жүргізген.

“The Qazaq Times”