Түркия мен Еуроодақ арасындағы соңғы кездегі салқын қарым-қатынастар осы аптада өтетін Еуропа Одағының саммитінде талқыланатын болады. Режеп Тайып Ердоған Еуропа мемлекеттері Түркияның Еуроодаққа кіру туралы өтінішін  қабылдайтынын не кейін қайтаратынын анықтай алмай отырғандығына қатысты наразылық білдірді. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды. 

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған:  "Олар біздің өтінішімізді қабылдап отырған жоқ. Бірақ олар келіссөздер жүргізуді тоқтатты ма? Жоқ. Олар нақты шешімін айтпай, біздің уақытымызды алып отыр", - деді.

Көп сарапшылар Ангела Меркель Түркияның Еуроодаққа қосылуын қолдамайды деген пікір айтқанымен, ол нақты қарсылығын жариялаған жоқ. Германия канцлері: "Маған бұл мәселеге қатысты өзге Еуропа мемлекеттерінен әріптестерімді тыңдап көру маңызды", - деп қысқа қайырды.

“The Qazaq Times”