Мадагаскарда қауіпті оба індеті тарап, қаза болғандар саны 28 адамға жеткен. Тамыз айынан бері тарай бастаған қауіпті обаны 150 адам жұқтырған. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.

Мадагаскардың орталық қаласында, барлық әлеуметтік орындарда тексеріс қатаңдай түскен. Ел үкіметінің 2 қазанда берген мәліметінде обадан 26 адамның көз жұмғаны айтылған. Ал ақпарат құралдары кеше кешкісін қаза болғандар саны 28 адамға жетті деп хабарлады.

Қазір аталған елде мектептер уақытша сабақ тоқтатқан. Мемлекеттік мекемелердің бәрін дезинфекциялау ісіне жұмылдырған. Мадагаскардың Денсаулық сақтау министрлігі індетке шалдыққандарды тегін емдейтін арнайы орталық құрғанын мәлімдеді.

“The Qazaq Times”