Сүрияның Сыртқы Істер министрі Муаллем Валид БҰҰ-ның штаб пәтеріне сапары барысында алты жылға созылған соғыста ел әскері жеңіске жетіп, бейбітшілік орнайтын күн жақындай түскенін қуана жеткізді. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.

Сүрияның әскері Алеппо мен Палмирді азат етіп, Дайр-аз-Заур қаласы маңында ерлікпен шайқасып, Сүрияның әр бөлігіндегі терроризм қаупін төмендеткеннен кейін, "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобына қарсы күрес оң нәтиже бере бастады. Осындай жылы хабар жеткізген Башар-әл Асад Үкіметінің өкілі Сүрия әскері ел тарихында батырлар есебінде мәңгілік сақталып қалатынын жеткізді.

Осыған дейін Башар әл Асад билігін қолдамайтын Батыс елдері мемлекеттік күштерге қарсы  химиялық қару қолданды, бейбіт халықты өлтірді, өзге де зорлық-зомбылық көрсетті деген айыптауларын жоққа шығарған ресми өкіл, Сүрия әскеріне қолдау көрсеткен барлық әріптес мемлекеттерге алғыс білдірді.

Ресми деректер бойынша Сүриядағы соғыс 330 мың адамның өмірін қиып, 5 млн халықты туған жерін тастап, босқын атануға мәжбүр етті.

“The Qazaq Times”