Марк Цукерберг Facebook компаниясын сатпақ – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.

Бұл жайында Марк Цукерберг өзінің Facebook парақшасында: «Біз 2018 жылы құны 35-75 миллион болатын Facebook компаниясындағы акциямызды сатпақпыз. Акция сатылымынан түскен қаржыны біз білім, заң салаларындағы қайырымдылық жобаларымызға салуды жоспарлап отырмыз. Негізінен бұл менің әйелім Присциланың идеясы. Жалпы мен өмірімнің соңына дейін Facebook-тағы 99 пайыз акциямды толығымен сатсам ба деймін» - деп жазған.

Айта кететін бір жайт Цукерберг қазірдің өзінде өзінің Facebook-тағы барлық акцияларын сататын болса, 5,9 млрд доллардан 12,8 млрд долларға дейін қаржы таба алады.

“The Qazaq Times”