Иран баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді – деп хабарлайды Press TV телеарнасы.

Press TV мәліметінше, Иранның «Хорремшехр» баллистикалық зымыран 2 мың шақырым қашықтықтағы нысананың көзін жоюға және әуеге бірнеше оқ тұмсық (боеголовка) алып ұшуға қауқарлы. Иран бригада генералы Әмір Әли Хаджизаденың сөзінше, «Хорремшехр» баллистикалық зымырандары Ислам революция қорғаушылары әскерінің арсеналына жақын уақытта түсетін болады. Дәл осы зымырандар жақында ел астанасы Теһранда өткен шеруде жұртшылық назарына ұсынылған.

Бұған дейін Иран билігі әлемде теңдесі жоқ «бомбалардың әкесі» атанатын 10 тонналық бомба жасайтындықтарын мәлімдеген болатын. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Иран әскері ол бомбаларды әуеден Ил-76ТД ұшақтарымен тастайтын болады.

“The Qazaq Times”