РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ пен Солтүстік Кореяны балабақшадағы балаларға теңеді.

Сергей Лавров Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы отырысының қорытынды баспасөз мәслихатында: «АҚШ пен Солтүстік Корея бала бақшадағы балалар сияқты бір бірімен төбелесуде. Оларды ажырататын адам жоқ маңайда. Біз Қытай Хылықтық Респубилкасымен бірігіп, қызу қандылыққа салынбай қос тарапты бұл мәселені келіссөз арқылы шешуге алдағы уақытта да шақыратын боламыз» - деген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унды «зымыран адам» деген болатын. Ал КХДР Сыртқы істер министрі Трамптың бұл сөзін «иттің үруіне» теңеген.

“The Qazaq Times”