2017 жылдың 2 тоқсанында микрокредит ұйымдары 153,3 мың қарыз берген. Бұл туралы LS хабарлады. 

Статистика комитетнің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен тоқсандағы көрсекткішпен салыстырғанда (123,6 мың қарыз) 24%-ға жоғары.

2 тоқсанда берліген микрокредиттің жалпы көлемі 96,9 млрд теңгені құраған. Оның 54,2%-ы ұзақ мерзімді кредиттер болса, 45,8%-ы қысқа мерзімді кредиттер.

Микрокредиттік ұйымдар арқылы жеке тұлғаларға 69,8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 43,2%-ы тұтынушылық мақсатта жұмсалса, 56,8% кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалған. Ал заңды тұлғаларға 27,1 млрд теңге кредит берілген. Оның  7,9%-ы негізгі құралдарды сатып алуға бөлінді.

Кредиттердің ең көп бөлігін Алматы қаласының ұйымдары (республикалық көлемнің 66,1%) және Оңтүстік Қазақстан облысындағы (11,9%) кредиттік ұйымдар берген.

“The Qazaq Times”