Ресей Беларусьта әскери операция жүргізуді жоспарлауда – деп мәлімдеді Эстония қорғаныс министрлігінің басшысы Рихо Террас ERR ақпарат көзіне берген сұхбатында.

Рихо Террас ERR-ға берген сұхбатында: "Егерде Белоруссиядағы саяси жағдай Украинадағыдай болатын болса, онда Ресей Белорусь аумағында әскери операция өткізуге дайын. Мәскеу бұл арнайы операцияға 2014 жылдан бері дайындалуда. Ресейдің «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстарын Беларусь әскерімен бірлесіп өткізуі осының айқын көрінісі. Кремль осы оқу-жаттығулар арқылы Беларусь әскерін өз бақылауларында ұстап отыр" - деген.

Естеріңізге салайық, Ресей және Беларусь бірлескен «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары қыркүйек айының 14-і күні басталған болатын. Оқу-жаттығу жұмыстарына қос тараптан 12 мыңнан астам сарбаз қатысуда.

“The Qazaq Times”