Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев АҚШ-тағы отандастарын елге қайтуға шақырды.

Шавкат Мирзиеев АҚШ-та өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының кезекті 72 отырысына сапары кезінде Америкада тұратын отандастарымен кездескен. Ол сол кездесуде АҚШ-тағы өзбек диаспорасына: «Ашығын айтайықшы осы арада кім менімен бірге Өзбекстанда қоян-қолтық жұмыс істейді? Кім Өзбекстанда реформа жасауға көмектесіп, мемлекеттің дамуына үлес қосу үшін елге қайтуға дайын?» - деген.

Бұдан бөлек Шавкат Мирзиеев кездесуге келген ғалымдарға елге оралса Өзбекстанға қайту билетін мемлекет есебінен болатындығын, АҚШ-та алатын жалақыларын төлейтіндігін, үй және жұмыспен қамтамасыз ететіндігін айтқан.

“The Qazaq Times”