АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні өткен баспасөз мәжілісінде, Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық келісімін қолдайтыны туралы шешім қабылдағанын, алайда, бұл шешім АҚШ-тың аталған мәселедегі ең соңғы мәмілесі емес екенін жеткізді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.

Трамп пен Палестина президенті Махмуд Аббастың бірлесіп өткізген баспасөз конференциясы кезінде Трамп Иран ядролық келісімі туралы бір мәмілеге келгенін мәлімдеді. Содан бір күн бұрын ол БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеп, Иранмен жасасқан ядролық келісімді жеріне жеткізе сынаған еді. Ол тіпті «бұл келісім АҚШ-тың қол жеткізген, ең сорақы, ең әділетсіз келісімі» деген болатын.

Трамп ендігі жерде өзінің ядролық келісімге байланысты шешім қабылдап болғанын жеткізіп отыр. Әрі бұған әлемнің назарын аударту мақсатында «Мен Иран ядролық келісімі туралы шешім қабылдап болдым» деген сөзді журналистер мен саясаткерлер алдында екі рет қайталай айтты. Бұған қосымша түсініктеме сұраған журналистерге Трамп күле тұрып: «Бұл туралы тағыда айтатын болам» деп қана жауап берген.

“The Qazaq Times”