Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қырғыз халқына арнап сөз сөйледі.

Ол онда: «Қадірменді менің қырғыз елім, құрметті отандастарым. Сөз соңында мен сіздерге бір өтініш айтқым келеді. Біз сан ғасырлар бойы іздеген жолымызды енді таптық. Бірнеше күннен кейін қырғыздар өзінің көшбасшысын сайлайды. Сол кезде олигархтар мен өзге елдің басшыларының сөзіне еріп өз жолымыздан адасып қалмайық» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстан СІМ Қазақстанға нота жіберген болатын. Оған себеп Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз президенттігіне үміткер «Республика – Ата Жұрт» фракциясының жетекшісі Өмірбек Бабановпен кездесуі. Ресми Бішекетің сөзінше, Назарбаевтың Бабановпен кездесуі Қырғызстанның ішкі істеріне араласу.

“The Qazaq Times”