Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев фундаменталды оң факторларға қарамастан, валюта нарығында құбылу процесі жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол теңге курсына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық басылымдар және телевидениелердің бас редакторларымен кездесуі барысында Ақышев "девальвация болжамына байланысты шетел валютасына деген сұраныстың тым көп болуы доллар курсының 337 теңгеге дейін жоғарылап кетуіне әсер еткенін" айтты (19 қыркүйек күнгі күндізгі сессия кезінде 1 доллар 341,12 теңгеге дейін нығайды, айырбастау пунктерінде доллар 343 теңгеден сатылуда-ред.).

"Ұлттық банктің болжамы бойынша, АҚШ долларына қатысы теңге курсы мұнай бағасы 50 доллардан түспеген жағдайда осы деңгейде сақталады. Ал долларға қатысты рубль бағамы 59-60 рубльден аспайды", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Айта кетейік, Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен 16:50-де барреліне 55,8 долларды құрады.

Бұдан бөлек бас банкир елдегі алтын валюталы резервтердің жоғарылағанын атап өтті.

"Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша 8 айдағы өсім 11,6 пайызды құрап, 32 млрд долларға дейін жетті. 58 млрд доллар көлеміндегі Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде елдің жалпы халықаралық резерві 91 млрд долларға жетті немесе Жалпы ішкі өнімнің 61 пайызын құрайды", - деді ол.

“The Qazaq Times”