Cheil Kazakhstan агенттігінің мамандары қазақстандық жарнама индустриясын жаңашыл өзгерістер күтіп тұрғанын айтады. Олардың сөзінше, еліміздегі жарнама үйреншікті және неондық билбордтардан ақпаратты тарату әдісінің инновациялық каналдарына өтуде. Ал, бұрынғы әдістердің әсері төмендеп келеді.

Қазақстанда қазіргі таңда жоғары технологиялық жарнаманың айтулы түрлері тым аз, дегенмен, отандық нарық стандарттан тыс, заманауи шешімдер үшін ашық әрі дайын екендігін көрсетуде. Бұған жуырда Астана және Алматы қалаларында ерекше форматта өткен   Lexus LC 500 флагмандық спорт-купесінің презентациясында толықтырылған шынайылық технологиясының қолданылуы (Augmented Reality – AR) дәлел.  Бұл, яғни, мобильді құрылғының камерасы арқылы виртуалды объектіні шынайы кеңістікте көру.

Cheil Kazakhstan агенттігінде жаңа спорткардың презентациясынан қонақтар 200% әсер алуы мақсатында, жаңа арнайы AR форматындағы мобильді қосымша жасап шығарылды. Кештің сыйы ретінде программистер Lexus LC 500-дің түпнұсқасына ұқсас, барлық түсі мен бөлшектеріне сай шынайы 3D-моделін құрды.

Презентация кезінде толықтырылған шынайылық қосымшасы арқасында қонақтар қолжетімді қашықтықта тұрғандағыдай, смартфонның камерасын бос тұрған сахнаға бағыттау арқылы жаңа көлікті тамашалай алды және бұл формат көпшілігін таңқалдырды.

Қонақтардың автокөлікті жан-жағынан көріп, басқа түсте салыстыруға, тіпті, салонын тамашалап, қозғалтқыш дыбысын естуге де мүмкіндіктері болды.

«Жарнаманың тиімді жұмыс істеуі үшін стандартқа сай digital-құралдарды пайдалану жеткіліксіз. Адамдар жаңа тәжірибе алу үшін, бізге дағдылы дүниелермен технологияны біріктірген жөн», - деп белгіледі Cheil Kazakhstan агенттігі Digital & PR департаментінің басшысы Карина Пак.

Бұл чейлерлердің стандарттан тыс жарнама бағытындағы нәтижелі жұмысының алғашқысы емес. Өткен жылы креативті идея ұсынушылар VR форматында 360 ойын-сауық саябағын құрған болатын. Ол Алматының ең көркем жерлеріне виртуалды саяхат жасауға, қаладағы Fantasy World Almaty ойын-сауық саябағының америкалық төбешіктер мен әткеншектеріне отыруға, Көк Төбедегі дөңгелек мінбеге мінуге, «Лесная Сказка» курорты аймағындағы арқанды жолдан өтуге, сондай-ақ Горький атындағы орталық саябақта қайықта серуен құруға мүмкіндік берді.

“The Qazaq Times”