Түркия әскері ел аумағында он бірдей лаңкестің көзін жойды – деп хабарлайды Report ақпарат агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, Түркияның Хакари провинциясының Чукурджа ауданындағы әскери базалардың біріне шабуыл жасау барысында үш лаңкес оққа ұшқан. Жеті лаңкес Түркия әскери әуе күштері Сиирт провинциясына қарасты Эрух аумағын бомбылау кезінде өлтірілген. Бұдан бөлек Ирак аумағынан қашқан төрт террорист Түркия қарулы күштеріне өз еріктерімен берілген.

Айта кететін бір жайт қазіргі таңда Түркия билігі Ирак пен Сүрия шекарасы маңында әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуін бастаған. Ресми Анкара Сүриямен екі ортадағы шекараға 80 танкісін алып келіп орналастырған.

“The Qazaq Times”