Пентагон Сүрия бүлікшілеріне қару-жарақты Қазақстан, Украина және Грузиядан алған – деп мәлімдеді Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) мен Балқан журналистік зерттеулер бірлестігі (BIRN).

Жоғарыда аталған ұйымдардың зерттеулері бойынша, Пентагон түрлі халықаралық деңгейдегі делдалдар арқылы жалпы құны 2,2 миллиард доллар көлеміндегі қару-жарақты «Ислам мемлекті» ұйымымен соғысып жатқан Сүрия бүлікшілеріне жіберген. Пентагон бұл қару-жарақтарды екі ұйым арқылы сатып алған. Олар Арнайы операциялар басқармасы (SOCOM) мен штаб пәтері Нью-Джерси штатында орналасқан Picatinny Arsenal өндіріс және ғылыми-зерттеулер орталығы.

OCCRP мен BIRN орталықтарының осы іске байланысты мыңдаған құжаттарды зерттеу нәтижесінде Пентагонның 2017 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан, Украина, Грузия, Ауғанстан, Болгария, Чехия, Польша, Босня және Герцеговина, Сербия елдерінен жалпы көлемі 238,5 миллион долларды құрайтын қару-жарақ сатып алғандығы анықталған.

“The Qazaq Times”