АҚШ әскери базасында жарылыс болды – деп хабарлайды Independent ақпарат көзі.

Independent мәліметі бойынша, АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орналасқан Форт-Брэгг әскери базасында жарылыс болған. Салдарынан 15 сарбаз әр түрлі дене жарақаттарын алған.

АҚШ құрлық әскері ресми сайтының хабарлауынша, Форт-Брэгг базасында болған жарылыстан 32 жастағы Масачусетс штатының тумасы Александр Далид көз жұмған. Осыған байланысты АҚШ әскерінің полковнигі Майкл Корнбургер:  «Біз болған жағдайға байланысты сержант Далидің отбасына қайғыра көңіл айтамыз және алдағы уақытта көмектесіп тұруға уәде береміз» - деген. Ал АҚШ құрлық әскерінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің ресми өкілі Роберт Бохколт әскери базада болған жарылыс салдарынан Александр Далидтен бөлек 7 сарбаздың жарақат алғанын айтқан.

Қазіргі таңда оқиға орынында АҚШ әскерлері мен арнайы сарапшылар жарылыстың неден боланын анықтауда.

“The Qazaq Times”