Жақында Ливандағы Бейрут Америка Университетінде Сүрияның соғыс жылдарында тартқан зияны туралы конференция болып өтті. Онда Сүрияның 2010 жылдан 2016 жылдар аралығындағы тұрақсыздық пен соғыс тудырған шығындары мен қалыптасқан әлеуметтік жағдайы туралы деректер ортаға салынды. Бұл туралы «Анатолы» агенттігінің ресми сайты жазды.

  • 2010-2016 жылдар аралығында Сүрияның ұлттық кірісі 63 пайызға азайған.
  • 6 жыл ішінде 226 млрд доллар зиян шеккен.
  • Елде зардап шекпеген ешқандай бір елді мекен қалмаған.
  • Әрбір 10 сүриялықтың алтауы кедейшілікке ұшыраған.
  • Осы зобалаң жылдарда Сүрияда 200 ғана сәби өмір есігін ашқан.
  • 6 жылда шамамен 400 мың адам қаза тапқан.
  • Сүрия халқының жартысынан астамы баспанасыз қалған.
  • Сүриядағы соғыс дәл қазір тоқтатылған күннің өзінде, экономиканы қалпына келтіру үшін өте ұзақ уақыт кетеді.

“The Qazaq Times”