Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми шетел журналистерімен сұхбаттасу кезінде "Кейбір мемлекеттер мен АҚШ тек өздерінің пайдасын көздіейді" деп айтты. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр.

Қыркүйектің 11-і күні жергілікті және шетелдік журналистермен өткізілген отырыста шетелдік сайт тілшілерінің бірі СІМ министрі мен АҚШ Президентінің телефондағы сұхбатында айтылған Иранға қарсы негізсіз уәждері туралы сұраған. Иранға қарсы әрекеттер жайлы қойған сұраққа Бахрам Ғасеми: «Иранның аймақтағы ықпалы табиғи  әрі өте айқын. Мәдениет пен өркениет географиялық шекаралармен шектелмейді. Иран жайында айналада болып жатқан пікірталастар өркениетке қатысты»,- деп жауап берді.

Лондонда шығатын The Daily Telegraph газетінің «Иран Солтүстік Кореяның зымыран қару саласына көмектесті» деген уәжіне: «Бұл – негізсіз, сенуге болмайтын дүние. Оларға назар аудару уақытты босқа кетіру болып саналады»,- деді.

Сондай-ақ, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ақпарат отырысының басында Мьянма армиясының рохинджа мұсылмандарына қарсы қылмыстарын айыптап, АҚШ-тағы дауыл мен Мексикадағы жер сілкінісі оқиғаларына деген өкінішін де білдірді.

“The Qazaq Times”