Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыртуымен Қазақстанға ресми іс-сапармен барады, деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімет бойынша, Шавкат Мирзиеев Астанаға қыркүйектің 9-10 күндері аралығында бармақ. Ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу салтанатына және Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технолигия саммитіне қатысады деп жоспарлануда.

Естеріңізге салайық, Шавкат Мирзиев бұған дейін қыркүйектің 5-6 күндері Қырғызстанға ресми іс-сапармен барып қайтқан болатын. Ол Бішкекте қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан екі елдің шекара мәселесі жайында бірнеше құжаттарға қол қойып, өзбек-қырғыз шекарасындағы даулы аймақтардың 80 пайызын делимитациялағандарын мәлімдеген еді.

“The Qazaq Times”