Үндістандық журналист Гаури Ланкеш өз үйінің алдында атып өлтірілді. Тәуелсіз пікірі мен өткір журналистік зерттеулері арқылы танымал Гаури үндіс ұлтшылдар тобын аяусыз әшкерелеп, батыл пікірлер айтқан. Журналистің өліміне ді сол топ кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.

Соңғы кездері үндіс ұлтшылдар тобы журналистерге жиі қауіп төндіріп, оларды қорқыту әрекеттерін жасаған. Үндістанның билеуші "Бхаратия Жаната" партиясы да төртінші билік өкілдерін ашық түрде жиі шабуылдап жүргені байқалады.

Гаури Ланкеш билеуші партия өкілдері мен үндіс ұлтшылдарына қарсы мақалалар дайындап, халыққа ақиқатты жеткізу жолында қызмет еткен. Ол Lankesh Patrikeдеген жеке тәуелсіз газет шығарған. Көп жылдар бойы The Times of India басылымында қызмет атқарған. Оның өлімін үнді халқы өте ауыр қабылдады. Гауридің қазасы орын алған Бангалор қаласы мен ел астанасы Дели  және Мумбайда жергілікті халық бейбіт шеруге шығуға бел байлаған.

“The Qazaq Times”