Кенияда Президент сайлауы қайтадан өтеді. Жуырда өткен сайлау қорытындысына наразылық танытқан оппозиция тарапының сотқа берген шағымы қанағаттандырылып, осы жылдың 1 қарашасына дейін жаңа сайлау өткізу туралы шешім шығарылды. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды. 

Жаңа сайлау 17 қазан күні өтетін болып белгіленді. Дегенмен, жоққа шығарылған сайлау қорытындысына сай, халықтың 45 пайыз даусына ие болып, жеңіліс тапқан Раила Одинга, жаңадан өтетін сайлауда бағын қайта сынап көруден бас тартты.

Атап өту керек, Кенияда өткен Президент сайлауының нәтижесі бойынша, мемлекет басшысы болып сайланған Ухуру Кениата сот шешімімен келіспей, наразылық білдірген болатын.

“The Qazaq Times”