Ғылымда күн сайын түрлі-түсті жаңалықтар адамзат игілігіне қосылып жатады. Ғылыми жаңалықтардың кейбіреуі біздің дәстүрлі танымдарымыз бен жол-жоралғыларымызды ғылыми түрде дәлелдеп растап жатса, кейбіреуі дәстүрлі түсініктерге қайшы болып шығады. Орта ғасырларда Шығыстың адам түр-тұлғасына қарап, мінезіне, ішкі жан-дүниесіне, тіпті болашағына болжам жасау сынды адамтану ғылымында жеткен жетістіктері Батысты қалай таңқалдырса, бүгін Батыстың ашқан ғылыми жаңалықтары бізді де солай таң қалдыруда.  "People" басылымы жариялаған неміс ғалымдары ашқан бұл жаңалықта соның бірі.

Бавариядағы (Германия) Фридрих-Александр университетінің психологтары жасөспірім кезіндегі физикалық дамуға мидағы гормоналды белсенділіктің әсеріне іштей зерттеу жүргізген. Зерттеудің нәтижесіне байланысты, гормоналды белсенділіктің өзгеруі бет қаңқасының формасын қалыптастыруға әсер етеді деп қорытынды шығарылған. Сондай-ақ, «мидың даму аймағын ынталандыру және мінездемесінің қалыптасуына ықпал етеді», - дейді аталған университеттің зерттеушілері.

Зерттеушілер қорытынды шығару үшін 213 адамға жіңішкелікпен бақылау жүргізген. Бұл адамдардың бет ұзындығы мен енін өлшеп, бет ұштары мен жоғарғы ерні және қастары арасындағы қашықтық арақатынасын есептеп шығарған. Соңынан, ғалымдар осы адамдардың бойындағы «жасырын сұраныс» немесе «nPower» деп аталатын психологиялық құбылыс туралы сынақтар жүргізген. Зерттеу нәтижелері FWHR-ның көшбасшылыққа ұмтылу дәрежесіне тікелей байланысты екенін көрсеткен.  Бірақ, зерттеушілер бұл ерекшелік тек әйелдермен шектелетінін айтады.

«Бұл жаңалық біз күткен нәтижеге мүлде қайшы келді», – дейді зерттеу тобының жетекшісі, ғалым Кевин Дженсен, – Себебі, осыған дейін fWHR әдетте ерлермен байланысты деп қаралып келіп еді».

Ангела Меркель, Хиллари Клинтон және Софи Эллис қатарлы танымал әйел тұлғалар  өң-әлпетінде  бет пішіні кең болудай бір ортақ сипатқа ие. Ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, әйелдердің басымдық позициясының көмескі қуаты олардың бет-әлпеттерінен білінетіндігі анық болған. Айталық, бет пішіні кең әйелдердің көшбасшылық қасиеті басым болатыны анықталып отыр.

“The Qazaq Times”