М-Lab зертханасы Google Open Source Research жобасы аясында Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жылдам итернет қай елде екендігін анықтады.

М-Lab зерттеушілері Орталық Азия елдерінің ғаламтор жылдамдығын көлемі 7,5 гб болатын HD сападағы фильімді интернеттен көшіру арқылы тексерген. Тексеру барысында Орталық Азияда ең жылдам интернет Қазақстанда екендігі анықталған. Зерттеушілер біздің елімізде көлемі 7,5 гб, HD сапалы киноны интернеттен 4 сағат 15 минутта жүктеген. Ал Қырғызстанда HD сападағы фильімді 17 сағат 22 минутта, Тәжікстанда 20 сағат 34 минутта, Өзбекстанда 22 сағат 26 минут көшірген.

Әлем бойынша интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан 88, Қырғызстан 166, Тәжікстан 177, Өзбекстан 178 орындарда.

М-Lab зертханасының мәліметі бойынша, жер бетіндегі ең жылдам интернет Сингапурда. Ол жерде көлемі 7,5 гб болатын HD сападағы фильімді ғаламтордан 18 минутта көшіріп алуға болады. Ал ең төменгі жылдамдықтағы интернет Буркино-Фасо, Йемен және Габон елдерінде.

“The Qazaq Times”