Биткоинның құны 4 400 долларға дейін жетті. 14 тамыз күні ең жоғарғы деңгейге көтеріліп, биткоинды капиталдандыру 70,8 млрд долларға дейін жеткен. Ал Yahoo Finance мәліметіне сенсек, PayPal-дың нарықтық капиталдануы 70,18 млрд долларға бағаланған. 

Сарапшылардың мәліметінше, криптовалютаға сұраныс институционалдық инвесторлар тарапынан болатын сұраныс есебінен артып отыр. Ал кейбір сарапшылар "алдағы уақытта орталық банктер биткоинды резерв ретінде пайдаланады" деген пікір айтады.

Ал нарықтағы жағдай күн өткен сайын өзгеріп жатыр, адамдардың көпшілігі криптовалютаға ауыса бастаған. Сондықтан мұны да есепке алу керек. Бұдан бұрын Goldman Sachs инвестициялық банкі биткоинге қатысты баға болжамын 4 800 долларға дейін арттырған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда арнайы жұмыс тобы криптовалюта транзакцияларын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатқаны хабарланған болатын. Жұмыс тобына "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Делойт", Waves, Juscutum және "Кесарев Консалтинг" сынды ұйымдар кіреді. Бұл компаниялар тек құқықтық құжат дайындап қана қоймай, болкчейн технологиялар мен криптовалютаны қолданатын платформаларды және блокчейн жобаларын құруға ниетті.

“The Qazaq Times”