Адам өмірінің үштен бір бөлегі ұйқыдан тұрады. 60 жас өмір сүрген адам өмірінде орташа есеппен 19-20 жылын ұйқымен өткізеді. «Адам не үшін ұйықтайды?» деген сұрақ XX және XXI ғасырдағы адамзат ғылымының шешуін таппаған жұмбақтарының бірі. Ғалымдар ұйқының маңыздылығын сәт сайын дәріптеуде. Бір күнгі ұйқының кемдігі, адам өмірінде 20 жыл бойы кері әсерін тигізеді деген ғылыми көзқарастар да айтылып келеді. Ұйқы адамның ағзасынан тартып, мінез-құлық, тіпті тұтас тағдырына әсер ететін шешуі табылмаған құпиясы деп қаралады.

АҚШ-тың Техас Университетінің зерттеу группасы ғылыми зерттеу арқылы, денедегі бұлшық еттерде болатын кейбір белоктың адам ұйқысының ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер ететіндігін  анықтады. Бұл ғылыми жаңалық АҚШ-тың «Электрондық өмір» (Journal of Electronic Life) журналында алғаш жарияланды. Кейін,  Ұлыбританияның «Медицина прогресс» басылымы және Қытайдың «Халық газеті» басылымы таратты.

Аталған зерттеу қортындысы ғылым саласында «күтпеген жаңалық» деп қаралды. «Халық газеті» басылымының сайтында жазылуынша, осыған дейінгі зерттеулер адам үлкен миындағы химиялық сигналдар, ми мен тұтас ағзаның ұйқы күйіне өтуіне бұйрық беретінін анықтаған еді. Соған сай адамдар ұйқының бұзылуы тікелей үлкен мидың әсері деп қарап келген. Ал Техас университетінің жаңа зерттеу нәтижесіне негізделгенде, ұйқы сапасы үлкен мидан көрі дене бұлшық еттеріндегі белоктың әсерінде екені белгілі болған.

Зерттеуде анықталған белоктың аты ғылым тілінде BMAL1 деп аталады. Бұл түрдегі белокты ритм реттегіш деуге болады. Жануарларға жасаған тәжрибелер негізінде бұл ақуыздың ұйқының жалпы сапасына контрол жасай алады деген қортынды жасалды. Алайда, оның ұйқыға әсер ету механизмі әлі де анық емес. Техас университетінің шағын зерттеу группасы егжей-тегжейлі жасаған тәжірибелерден кейін BMAL1 ақуызының ұйқы сапасы мен ұзақтығындағы шешуші фактор екеніне анық көз жеткізген.

“The Qazaq Times”