Бейсенбі күні, Иран орталық қаласы Теһранда (Тегеран) ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мен ИИР Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Абозар Ибраһими екі ел арасында мәдени саладағы кеңейтілген селбестік келісіміне қол қойды. Бұл туралы Иранның "Парс.Ақпарат" агенттігі хабарлап отыр.

29 тармақтан тұратын келісімге қол қойылғаннан кейін кинематография, театр, музыка салаларында екі жақты серіктестіктер өрістетілмек. Оған қоса, қолжазбалар мен Иран және Қазақстанның мәдениет қайраткерлері арасында ынтымақтастық орнатылады. Көрмелер және мәдени апталықтар өткізу бөлімдеріндегі екіжақты ортақ әріптестіктер жүзеге асырылады деп күтілуде.

Соңғы жылдары Иран Орта Азия және Каспий теңізі айналасындағы елдермен көпсалалы әріптестікті дамытуды қолға алып келеді. Соның ішінде Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, транспорттық, туризм саласында көптеген келісімдер қолға келтірілді.

“The Qazaq Times”