Ғалымдар:  "2100 жылға қарай климаттың өзгеруі жалғаса берсе, экстоемалды ауа-райының әсерінен  Еуропада жылына 152 мың  адамның өлімі орын алуы мүмкін", -  деп мәлімдеді. "Бұл қазіргі адам шығынынан 50 есе көп", -  делінген The Lancet Planetary Health журналының зерттеулерінде. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды. 

Жылу толқындары 99 пайыз өлімнің себебіне айналу ықтималдылығы жоғары. Дегенмен зерттеушілер қорқынышты болжамдар өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Егер көмірқышқыл газының көлемі азаймаса және өндіріс орындарының қоршаған ортаны ластау процесі жалғасын таба берсе, зерттеу ұсынған футуристикалық деректер шындыққа айналуы мүмкін.

Осыдан бұрын Еуропа комиссиясының зерттеу орталығының мәліметінде, "1981-2010 жылдар аралығындағы экстремалды ауа-райынан қаза тапқандардың саны жылына 3 мың, 2071-2100 жылдары 152 мыңды құрайды. Үш адамның екеуі табиғат апатынан көз жұмса, жаңа ғасыр басында су тасқынынан жылына 6 адам, соңына қарай 233 азамат жан тапсырады", - делінген.

Лондондағы Тропикалық медицина және гигиена мектебінің профессоры Паул Викинсон берілген деректердің адамзаттың әрекеті болашақта қандай салдарларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді десе, Сеул Ұлттық университетінің сарапшылары зерттеу қорытындылары "тым асыра бағаланған" деген пікірде. Өйткені адам баласы кез келген  өзгеріске бейімделе алады. Сондықтан климаттың өзгерісін де біз жақсы қабылдауымыз мүмкін.

“The Qazaq Times”