Жапония кемеге қарсы жаңа зымыранын сынақтан өткізді, деп хабарлайды navyrecognition.com ақпарат көзі.

Жапонияның қорғаныс министрлігі Youtube желісіне соңғы үлгідегі XASM-3 кемеге қарсы зымыранының сынақтан өту барысы бейнеленген видеоролик жариялаған.

Дыбыс жылдамдығымен ұшатын XASM-3 зымыранын ASM-1, ASM-2 зымырандарын алмастыру мақсатында Mitsubishi Heavy Industries компаниясы құрастырған. Зымыран қарсылас кемелердің көзін жою үшін арналған

Құрастырушылардың айтуынша, XASM-3 кез келген әуе қорғанысын бұзып өтуге қауқарлы. Оның жылдамдығы 3 маханы құрайды яғни зымыран дыбыс жылдамдығы деңгейінде ұшады. Зымыран нысанаға 2-3 шақырым қалғанда радарға түспес үшін бірнеше мәрте ұшу бағытын өзертіп, соңында теңіз бетіне өте жақын қашықтықта ұшады.

“The Qazaq Times”