Украиналық боксшы Владимир Кличко өзінің спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды Bild ақпарат көзі Кличконың ресми сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Владимир Кличко ұлыбританиялық Энтони Джошуамен сәуір айының аяғында Лондонның «Уэмбли» стадионында жұдырықтасып, 11 раундта нокаутқа түсіп жеңіліп қалған. Осыдан кейін Энтони Джошуа қарымта кездесу өткізуге дайын екендігін мәлімдеген. Ал Владимир Кличко болса бұл кездесуге әлі дайын емес екенін айтқан. Кейінен Джошуа Кличкоға өз биігінде тұрғанда спорттық мансабын аяқтауға кеңес берген.

“The Qazaq Times”