АҚШ президенті Трамп үш елге қаратқан жаңа санкциясы шешіміне қол қойды. Алайда, жобаның қателіктері көп деген пікірін айтты. Трамптың жобаға қарсылығы бұл шешімді күшінде қалдыра алмайтынын білеміз. Себебі, Конгресс жаңа заңда Ресейге бағытталған санкция жобасын, президент тоқтата алмайды деп  белгіленген. Сарапшылардың айтуынша, бұл реткі санкция АҚШ пен Ресей қарым-қатынасына салқындық тигізумен бірге, Трамптың қолына көзір салды деп қарайды.

Трамп өзі өзгерте алмайтын заң жобасынан «маңызды кемшіліктер» тапқанын айтып, президент өкілеттілігін шектегеніне наразы екенін білдірді. Трамп Украина дағдарысының шешілмеуінің бір себебі, Ресейге бағытталған кемшілікке толы санкция ережелері деп санайды.

Республикашылдар партиясының өкілдерінің басым көбі заң жобасының президент құқығын шектегенін жақтап шықты. Олардың айтуынша, Трамптың Ресеймен қарым-қатынасы туралы даудың өзі де жеткілікті екен. Олар Путин мен Трампты салыстыра былай дейді: «Путин Америкада ешкім істемеген істі істей алды. Себебі, президент Мемлекеттік Думамен ынтымақтаса алды», – деді.

“The Qazaq Times”