ФИФА вице-президенті қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алынды деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

Испания полициясы шілдінің 18 күні ФИФА және УЕФА вице-президенті, Испания футбол федерациясының президенті Анхель Мария Вильярды тұтқынға алынып, оның  кеңсесіне тінту жүргізді.

Бұған дейін 2015 жылы ФИФА-ның этика комитеті Вильярды Ресей мен Катар ісіне байланысты тергеу тобымен бірігіп жұмыс жасамағаны үшін 25 мың швейцария франкі көлемінде айыппұл салған болатын.

Анхель Мария Вильярд Испания футбол федерациясын 1988 жылдан бері үздіксіз басқарып келеді.

“The Qazaq Times”