2017-2018 оқу жылында мемлекеттік білім гранттарының саны артады. Бұл туралы ҚР Білім және Ғылым министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Қазинформ. 

Соңғы 5 жылда жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік білім гранттарының  саны артып отыр. Сонымен бакалавр деңгейіне арналған гранттар саны өткен жылмен салыстырғанда 6 мың орынға өсіп, 37 мың 932-ні құраса, магистр деңгейіне биыл 10 004 білім гранты бөлінеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 мың 500 орынға артық. PhD-докторантураға түсуге үміткер азаматтарға арналған білім гранттары 2 есеге ұлғайып, 1 мың 285-ке жетеді.

Білім гранттарының басым көпшілігі педагогикалық, әлеуметтік, техникалық мамандықтарға беріледі.

“The Qazaq Times”