Осы жылдың мамыр айындағы нәтиже бойынша Қазақстанда темекінің бір қорабы 10,2%-ға немесе орта есеппен 340 теңгеге дейін көтерілген.

Ал өңірлердегі бағаға келер болсақ темекінің бір қорабы үшін қымбат төлемді Жезқазған (363 теңге, бір жылда 9,3%-ға қымбаттаған), Астана (357 теңге, бір жылда 9,3%-ға қымбаттаған), Ақтау (355 теңге, бір жылда 7,6%-ға қымбаттаған) тұрғындары жасаған.

Energyprom агенттігінің мәліметінше, табак өнімдері акциздерінің көтерілуіне байланысты бағаның көтерілуі заңды. 2016 жылмен салыстырғанда осы жылы акциз құны 24%-ға немесе 1000 данасаның бағасы 5 мың теңгеден 6200 теңгеге дейін көтерліген. Ал 2018 жылы мөлшерлемені 7, 5 мың теңгеге, 2019 жылы 8,7 мың теңгеге көтеру жоспарланған.

Бұдан бөлек темекі және басқа да табак өнімдерін шығару Қазақстанда қысқарып жатыр. Осы жылдың қаңтар-мамыр айында 5,1 млрд дана темекі шығарылған және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4%-ға төмен. Ал 2016 жылғы көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 5,9%-ға төмен болған.

Осы жылдың төрт айында тек өндіріс қана емес, темекіге сұраныс та азайған. Ішкі нарықтағы сатылым бір жыл ішінде 14%-ға төмендеген. Импорт көлемі де өткен жылға қарағанда 14,9%-ға азайған.